«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымының басшысы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болып 2014 жылдың 30 мамырынан Санжар Ізтілеуов тағайындалды. Осыған дейін ол компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметінде болды, деп хабарлады «ТДҰА» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

«ТДҰА» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттілігі 2014 жылдың 29 мамыры күні мерзімінен бұрын тоқтатылды.

39 жастағы С.Ізтілеуов 1999-2013 жылдар аралығында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, GML International Ltd, «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ, «Алтай Ассет Менеджмент» АҚ, «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ сынды компанияларда басқарушы міндеттерді атқарды.

Соңғы жаңалықтар