«Бәйтерек» холдингі құны 63,3 млрд. теңге болатын 7 мыңнан астам пәтер сатып алуға келісімшарт жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі құны 63,3 млрд. теңге болатын 7 мыңнан астам пәтер сатып алуға келісімшарт жасады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясы комиссиясының бюджет қаржысын тиімді пайдалану мәселесіне арналған отырысында аталған холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Бәйтерек» холдингі құны 63,3 млрд. теңге болатын 7 мыңнан астам пәтер сатып алуға келісімшарт жасады

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні «Нұрлы жол» бойынша жалға алу бағдарламасын іске асыру аясында жалпы сомасы 63,2 млрд теңге, көлемі 417,6 мың шаршы метр (7 208 пәтер) болатын 43 нысан бойынша келісімге қол қойылған. Олардың ішінде 2015 жылы тапсыру мерзімімен 53,3 млрд теңге тұратын, аумағы 344,7 мың шаршы (5 929 пәтер) болатын 36 нысан бойынша, 2016 жылы тапсыру мерзімі бойынша 10 млрд теңге тұратын аумағы 72,9 мың шаршы метр (1 279 пәтер) болатын 7 нысан бойынша келісімге қол қойылған.

«Қол қойылған келісімдерден иемдену 194,8 мың шаршы метрді немесе 3 295 пәтерді құрайды, құрылыс - 222,8 мың шаршы метр немесе 3913 пәтер. Бүгінгі күні Шымкент, Тараз, Семей, Қызылорда, Орал, Павлодар, Талдықорған, Өскемен және Петропавл қалаларында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», - деді «Бәйтерек» холдингінің басшысы.

Қол қойылған келісімшарттар бойынша бөлінген 121,7 млрд. теңгенің іс жүзінде 27 млрд. теңгесі игерілген.