12:23, 19 Тамыз 2022 | GMT +5
Бәйтерек холдингі табысының үштен бірін дивиденд төлеуге бағыттайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бәйтерек» холдингіне таза табысының үштен бір бөлігін дивиденд төлеуге жұмсау міндеттелді. Бұл туралы Үкіметтің тисті қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 2021 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 29,8 пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге бағыттайды», - делінген Үкімет басшысы қол қойған құжатта .
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоса кетсек, бұл уақытқа дейін «Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдардың санын қысқартқанын хабарлаған болатынбыз.