«Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары ЕҚДБ-ның гендерлік теңдік наградасымен марапатталды

Сондай-ақ, ЕҚҚДБ басшысы Ләззат Ибрагимова «әйелдер басқарып отырған шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыруға бірдей мүмкіндік беру есебінен гендерлік теңдікті дамыту ісінде Қазақстандағы ең маңызды тұлғалардың бірі» деп атап өтті.
«Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары ЕҚҚДБ басшылығына награда үшін алғысын жеткізіп, банктің Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер бизнесінің маңыздылығына қашанда ерекше көңіл бөледі, соңғы уақытта отбасы бизнесін дамыту туралы айтып жүр. Біз жекеше коммерциялық банктер арқылы іске асырып жатқан «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы қазақстандық әйелдер бизнесінің табысты дамуының мысалдарын көрсетеді», - деді Ләззат Ибрагимова.