«Бәйтерек» холдингі жанынан Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі жанынан Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.
Заң жобасы бойынша тұрғын үй құрылысына қатысудың жаңа тәсілдері қалыптасатын болады. Соның аясында Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын құру қарастырылады. Аталған кепілдік беру Қоры тұрғын үй ғимаратының құрылысын аяқтауға, үлескерлер тұрғын үй ғимаратындағы үлесті беруге кепілдік беруді жүзеге асырады, оның жарғылық капиталына мемлекет қатысып, Үкімет шешімі бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Сонымен қатар кепілдік беру қоры қаржылық тұратылық пен тәжірибенің болуы бойынша үлестік құрылысқа қатысушылардың біліктілік талаптарын бекітеді. Үлескерлер қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасау тетігін енгізеді.
«Кепілдік беру қоры бойынша құрылыс салушы және уәкілетті компания арасындағы кепілдік шарты үлескерлердің қаражатын тартуға негіздеме болады. Уәкілетті компания тұрғын үй ғимараты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда «Бәйтерек» холдингі жанына құрылатын Тұрғын үй құрылысының кепілдік беру қоры үлескерлерге құрылысты аяқтауға және пәтерлерін беруге кепілдік беретін болады», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.