«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында холдингтің 2019 жылғы инвестициялық саясаты мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты

2019 жылы «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 839 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 123,8 млрд теңгеге немесе 17%-ға ұлғайды.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында 2019 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 5 500 компания мен ұйымға 712 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді.

Холдингтің отандық экспорттаушыларды қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты (2018 жылы – 750 млрд теңгеден асқан).

Сонымен қатар отырыста «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2020 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері жөніндегі есебі бекітілді.