Бәйтерек күрделі жөндеуден кейін қонақтарды қабылдауға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Бәйтерек монументінде 2017 жылдың қаңтарынан бері күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бәйтерек күрделі жөндеуден кейін қонақтарды қабылдауға дайын

null
Монументте LED-экраны бар заманауи өнер галереясы ашылды, онда суретшілер өз жұмыстарын қоя алады. Сондай-ақ, фойеде габаритті майысқақ дисплей қойылған.

Жаңа дизайнның тағы бір артықшылығы - монументтің күмбезінің астында орнатылған хрусталь люстра. Люстраның 90 проценті таза хрустальдан құралған және ұшатын мифтік құстар іспетті жасалған. Ол арнайы Чехиядан әкелінген.
null null 

«Бәйтеректі  көруге 15 жылдың ішінде бес-алты миллион адам келді. Қазіргі таңда республиканың барлық өңірлерінен Бәйтерекке келу үшін көптеген өтініштер түсті. Тек оқушылардың өзі 40 мыңға жуық болады деп күтілуде. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, зейнеткерлер, ардагерлер бұрынғыша тегін кіреді», - деп хабарлады «Астана Бәйтерек» ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.
null null 

Билеттердің құны сәл ғана өзгерді.

«Жөндеуден кейін ересектер үшін билет құны 700 теңге, балаларға - 300 теңге болады. Билет 200 теңгеге қымбаттады», - деді Сапарғалиев.

Бәйтеректің жұмыс режімі бұрынғыша қалды. 
null null