«Бәйтерек» Ұлттық холдингінің еншілес мекемелерінде қысқарту жүргізіледі

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ құрамына енетін даму институттары қызметкерлерінің штат саны 5 пайызға қысқартылатын болады, деп хабарлады холдинг аппаратының басшысы Ерлан Айталиев.
None
None

Оның сөзіне қарағанда, қысқартулар холдингтің еншілес ұйымдарының қызметін оңтайландыру шеңберінде өтуде. «Әңгіме жаппай қысқарту туралы айтылып отырған жоқ. Кадрлық құрам сараптамадан өткізілді. Мақсатты түрде қысқартылуы тиіс штат бірліктері анықталды», - деп түсіндірді Е.Айталиев.

Ұлттық холдинг аппаратының басшысы атап өткендей, штатты қысқарту келесі жылы да жалғасады. «2014 жылы біз холдингтің еншілес құрылымдары шығындарын оңтайландыру жөніндегі шараларды жалғастырамыз. Біздің алдымызда даму институттарының тиімділігін арттыру міндеті тұр. Біз сол іспен айналысудамыз», - деп жалғастырды аппарат басшысы.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы жарлығына сәйкес құрылды. Холдингтің сенімді басқару жүйесінде «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстан ипотекалық несиеге кепілдік беру қоры» АҚ, «KazynaCapitalManagement» АҚ және «Стрестік активтер қоры» АҚ сияқты мемлекеттік қаржылық институттар бар.

Соңғы жаңалықтар