Базалық ставканың төмендеуі азық-түлік бағасына әсер етпейді – Тимур Сүлейменов

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етпейтінін айтты. 

Сүлейменов
Фото: ҚР Ұлттық Банкі

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы халықты алаңдататын мәселе. Инфляцияның төмендетуі азық-түлік бағасына ешқандай әсер етпейді. Өйткені, тұтыну бағаларының индексі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің көлемі 10-11%. Өткен жылы азық-түліктің бағасын реттеу бойынша 4 әкімдік қана жұмыс істеді. Жүйелі түрде бағаны реттеу болған жоқ», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифинг барысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық банк инфляцияны 15,25% дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 

Одан бөлек, Т. Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі кредит пен ипотекаға қалай әсер ететіне қатысты пікір білдірді.