Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін - Ұлттық банк

АСТАНА. ҚазАқпарат –Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов 2023 жылы да қаржы реттеушісінің ақша-кредит саясаты қатаңдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі  мүмкін - Ұлттық банк
«2023 жылдан бастап инфляцияны жоспарлы түрде төмендету үшін қажетті базалық мөлшерлеме деңгейіне барынша нақты бағалау жүргізіледі. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы көтерілу мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын одан әрі қатаңдату мүмкіндігін қарастыратын болады. Бұл сценарийдің ықтималдығы жоғары деп бағалануда», деді ол Ұлттық банктің арнайы брифингісінде.

Ғалымжан Пірматов жыл соңына болжанып отырған инфляция мен ақша-кредит талаптарының бағалауларын ескергендерін, базалық мөлшерлеменің тағы да мүмкін екенін айтады.

«Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2022 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-де жарияланады», - деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салсақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.