14:52, 07 Сәуір 2023 | GMT +5
Базалық мөлшерлемеге қатысты шешім 26 мамырда жарияланады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешім 26 мамырда жарияланады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық банктің басты міндеті – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ол үшін біз инфляцияны одан әрі төмендетуге және орта мерзімде нысаналы бағдарларға қол жеткізуге ықпал ететін дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырамыз. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім кезекті болжамды раундтың қорытындысына сай белгіленеді және 2023 жылы 26 мамырда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады», - деді Ғалымжан Пірматов.
Бүгін Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау себебін түсіндірген болатын.