Базалық мөлшерлемені қазіргідей ұстап тұру инфляцияны тұрақтандырады - ҰБ
«Ел ішіндегі проинфляциялық факторлар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының реттелетін қызметтеріне тарифтер мен жанар-жағармай нарығындағы уақыты келген реформаларға байланысты. Осы реформаларды іске асыру әсері тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына бағаның өсуін жеделдетуі мүмкін. Бұл факторлар базалық сценарийдің алғышарттарында көрсетілмегенін атап өтемін», - деді ол.
Айтуынша, бұл болжамдар әлі де өзгеруі мүмкін.
«Ұлттық банк ағымдағы жағдайларды ескере отырып, 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұру қажет деп санайды. Бұл инфляцияны тұрақтандыру және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендету үшін қажет», - деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.