Базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі мүлде талқыланған жоқ – Ғалымжан Пірматов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені белгілеуге арналған комитет жиынында аталған шаманы төмендету мәселесі мүлде қаралмағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі мүлде талқыланған жоқ – Ғалымжан Пірматов

«Ұлттық банк комитетінің бүгінгі жиынында базалық мөлшерлемені төмендету немесе қазіргі күйінде қалдыру мәселесі талқыланды ма? Базалық мөлшерлеме бойынша басқа қандай нұсқалар ұсынылды?», - деп сұрады БАҚ брифингіде.

Ғалымжан Пірматов талқылау кезінде базалық мөлшерлемені қазіргіден неше пунктіге көтеру керек деген сұрақ қана қаралғанын түсіндірді.

«Бүгінгі талқылау кезінде базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі мүлде талқыланған жоқ. Мөлшерлемені қазіргі деңгейінде, яғни, 16% күйінде қалдыру нұсқасы да талқыланған жоқ. Комитеттің мүшелерінің бәрі мөлшерлемені көтеру керектігін айтты. Негізгі әңгіме неше пайыз мөлшерінде көтеру керектігі айналасында өрбіді. Бүкіл деректерді ескеріп, болжамдау кезеңінің қорытындыларын ескеріп, комитет 16,75% мөлшері дұрыс болады деген шешім қабылданды», - деді Ұлттық банк басшысы.

Еске салсақ, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейін 16,75% деп белгілеген болатын.