Базалық зейнетақыны кепілдендірілген ең төменгі зейнетақыға ауыстыру қарастырылады - С. Әбденов

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Елімізде базалық зейнетақыны кепілдендірілген ең төменгі зейнетақыға ауыстыру қарастырылады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын таныстырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов осылай мәлім етті.
None
None

Министрдің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда елімізде жұмыспен қамтылған 8,5 млн. адамның 5,7 млн.-ы жылына ең құрығанда 1 рет зейнетақы салымдарын жасайды. Ал жылына 12 рет, яғни ай сайын зейнетақы жарналарын жүзеге асыратындар саны 3,7 млн. адамды құрайды. Соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2 млн. 700 мың адамның 932 мыңы ғана зейнетақы жарнасын төлеп отыр. Бұл негізінен ресми емес жұмыстың таралуынан, сондай-ақ Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартудың әлсіздігінен орын алып отыр. Егер біз бұл проблеманы бүгін шешпесек, ертеңгі күні бұл азаматтар өзіндік зейнетақымен қамтылмай қалады және халық арасындағы әлеуметтік аз қамтылғандар тобын арттыра түседі. Яғни, дер кезінде қажетті шаралар қабылданбаса, олардың жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары болмайды», - деді С. Әбденов.

Бұл ретте министр өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық пен жалдамалы жұмысшыларды ашық жұмыспен қамтылуын қалыптастыру бойынша кешенді шаралар жоспарланатынын, оларды ең төменгі зейнетақымен кепілдендіруді күшейту арқылы зейнетақы жинақтау жүйесіне ынталандыру көзделгенін атап өтті. «Осы мақсатта базалық зейнетақыны кепілдендірілген ең төменгі зейнетақыға ауыстыру шарасы қарастырылуда», - дейді министр С. Әбденов.

Соңғы жаңалықтар