Базар өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде базар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Базар өртеніп жатыр

«Кронштад бульвары, 7» мекен-жайы бойынша орналасқан сауда қатарлары өртке оранды. Оқиға орнына бірнеше өрт сөндірушілер тобы келіп жетті, қазіргі сәтте олар тілсіз жауды ауыздықтауға бар күшін салып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 700 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.