Базарда болған өрт: Он бес адам ажал құшты, басым бөлігі - сатушылар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин елінің оңтүстігіндегі Замбоанга қаласында болған өрт салдарынан он бес адам ажал құшқан, соның ішінде төртеуі - балалар, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.
None
None

Оқиға сенбі күні таңертең орын алған. Өрт үш сағатқа жуық уақытқа созылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына кабельдің өртенуі себеп болған. Жалын жол бойында орналасқан қолшатырларға, содан соң базарда сатылып жатқан киім-кешекке тарап кетті.

Полицияның мәліметтерінше, өрт салдарынан негізінен киім сатушылар қаза тапқан. Оқиға салдарынан тағы 13 сатушы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум