Базардағы жарылыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нақтыланған деректер бойынша сейсенбі күні Нигериядағы базарда орын алған жарылыс нәтижесінде 50 адам қаза тапты.

Базардағы жарылыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті

Борно штатының әкімшілік орталығы Майдугури қаласында көлікке жасырылған жарылғыш зат іске қосылған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Майдугури қаласы «Боко харам» лаңкестік тобының тірегі саналады. Жарылыс көлік қорабындағы ағаш көмірінің астына жасырылған екен. «Боко харам» ел үкіметіне қарсы бірнеше жылдан бері қарулы күрес жүргізуде. Содырлар әскермен, полициямен байланысты нысандарға шабуылдайды, бейбіт халықты қырады. Соңғы бір жарым айда исламшылар қолынан 500-ден астам адам қаза тапты.