Базарларда сауда жасайтын тұлғалар салық салудың жаңа режіміне көшеді - Б.Жәмішев

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі базарларда сауда жасайтын тұлғаларға 1 шілдеге дейін арнайы салық режімінің бірін таңдауды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Аталған режімдер көзделген заңнама келер жылдан бастап қолданысқа енгізілетіндігін айтқан министрдің сөзіне қарағанда, базарларда сауда жасайтын барлық тұлғалар салық салудың басқа режіміне көшетін болады. Нақты айтқанда жаңа салық режіміне сәйкес, азаматтар егер де патент алса табысының 2 пайызын, жеңілдетілген  декларация алса 3 пайызын, ал жеке кәсіпкерлер табысының 10 пайызын, заңды тұлғалар 20 пайызын салық ретінде төлейтін болады.

«Салық төлеушілердің салық салудың жаңа шарттарына бейімделуіне мүмкіндік беру мақсатында, сондай-ақ базарларда сауда жасайтындардың жайлап көшуіне мүмкіндік беру мақсатында Қаржы министрлігі 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап базарларда сауда жасайтын тұлғаларға арнайы салық режімдері патент, жеңілдетілген декларация немесе бірреттік талонды таңдауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Осы орайда Б.Жәмішев Министрлер кабинетіндегі әріптестері ведомствоның бастамасын қолдаған жағдайда аталған мәселені заңнамалық тұрғыда реттеу бойынша нақты шаралар қабылдайтындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар