Базарларды қаланың бірнеше жерінде саламыз - Астана әкімі
"3 қазанда біз бизнесмендермен кездесеміз. Жер учаскелерін де дайындап қойдық. Енді, базарларды қаланың бірнеше жерінде салуды пысықтаймыз. Себебі қазір барлық базарлар бір жерде орналасқан. Сенбі-жексенбі, тіпті жұмыс күндері бәрі сол жаққа ағылады. Көлік кептелісі де көп", - деді Исекешев бүгін қалалық көлік кешенін дамыту мәселеріне арналған партиялық тыңдауда.
Айта кетейік, отырыс барысында көлік кептелістері жиі болатын Сәкен Сейфуллин мен Шоқан Уәлиxанов көшелерінде "Bus Lane" жолақтарын белгілі бір уақытта енгізу де ұсынды.
"Сөз жоқ, жеке көлікпен жүретіндерге қиындау болады. Алайда автобуспен қатынайтын xалыққа ыңғайлы - қыста аялдамада көп тұрмайды, арнайы жолақпен қоғамдық көліктер тез жүреді. Әзірше, нақты шешім жоқ. Ол жақтағы көшелер де тар", - деп атап көрсетті Әсет Өрентайұлы.