08:50, 03 Қыркүйек 2018 | GMT +5
BBC World News арнасы Жетісу туралы фильмді көрсетіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал BBC World News телеарнасы Жетісу туралы фильмді көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында «Жетысу - навстречу солнцу» атты екі форматта 30 секундтық жарнамалық ролик және 2 минуттық мини-фильм түсірілді. Бұл Қазақстандағы соңғы 6 жыл ішіндегі техникалық жағынан түсірілген ең күрделі фильмдердің бірі. Роликті BBC World News телеарнасы көрсетіп жатыр», - деп жазады BBC World News өңірлік коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин өзінің Фейсбуктегі парақшасында.