БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғай ала ма
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЦЖ вакцинасын коронавирусқа қарсы қорғаныс ретінде қарастыруға бола ма? Бұл сауалға Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біріншіден БЦЖ - бұл туберкулезден қорғайтын, яғни инфекцияның бактериялық түрі. Ал біз қазір вирустық инфекциямен ауыратын коронавирус туралы айтып отырмыз. Мұны ешқандай жолмен өзара байланыстыруға болмайды. Ғалымдар вакцинаның барлық түрін қабылдаған адамдардың иммунитеті қорғаныс механизміне айналатынын айтып жатыр. Бұл тек БЦЖ-ға ғана қатысты емес», - деді Айзат Молдағасымова онлайн-брифинг барысында.