«Beautymania» күзетшісі 2 млн. теңгенің иіс суын ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Beautymania» күзетшісі парфюмерия ұрлап, 2 миллион  теңге шығын келтірді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА  Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Beautymania» күзетшісі 2 млн. теңгенің иіс суын ұрлаған

«Beautymania»  дүкенінде ұзақ уақыт күзетші болып қызмет еткен ер адам 2 051 504 теңгелік парфюмерия өнімін жасырын түрде ұрлаған.

Сотта ол  кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінді. Келтірілген шығынның орнын толтырды.

Есіл аудандық сотының үкімімен ер адам ҚК  188-бабы 3-бөлімі бойынша сотталды. ҚР Заңының «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» заңының ережелері ескеріліп, оған шартты түрде 1 жыл 9 ай көлемінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.