Беделді кәсіподақтар қалай жұмыс істеу керектігі айтылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Халық партиясының өкілдері Атырау қаласындағы Кәсіподақтар үйінің кіші залында еңбек ұжымдарымен, мұнай-газ секторының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беделді кәсіподақтар қалай жұмыс істеу керектігі айтылды

Жиында жұмысшылардың құқығын шынайы қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарды қолдау бастамасы кеңінен түсіндірілді. Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – беделді кәсіподақтар және еңбекшілердің салалық одақтары. Кәсіподақтар ел азаматтарының құқықтарын қорғап, еңбек дауларын әділ шешуі керек.