Беделді менеджерлерді дайындайтын инновациялық бағдарлама іске аспақ

;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Жаңа кезеңдегі банк бизнесінің беделді менеджерлерін дайындауға арналған инновациялық бағдарлама жайында «Еуразиялық банк» өкілдері бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті,
None
None

  

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банк басқарма төрағасы Майкл Эгглтонның айтуынша, банк 2010 жылы бес жылдық оқу бағдарламасы бойынша бакалавриат пен магистратурада жоғары білім алып, оқу тәмамдаған 20 қазақстандық түлектерге іріктеу жүргізеді. Бұл бағдарлама жеңімпаздары  банкке орта деңгейдегі менеджер қызметіне қабылданып, уақыт өте жоғары деңгейдегі топ-менеджер қызметіне дейін өсіріледі.

Аталмыш оқу бағдарламасының өзектілігі - үздік түлек Еуразиялық банк басқармасында корпоративті және бөлшекті банкинг фронт-офистері, қаржы, ішкі бақылау мен тәуекел менеджменті басқармалары арасында жыл сайын орын ауыстырып, жұмыс істеуі. Бұл бағдарламаның кейбір сатылары банктің бас офисі мен кейбіреуі - Алматы мен Астана қалаларындағы филиалдарында өтеді.

«Болашақ 20 қызметкердің қатарына Алматы жоғары оқу орындарының 10 түлегі, Астана университеттерінің 5 түлегі мен шет елде білім алған 5 түлек кіреді», дейді М. Эгглтон. Сонымен қатар, ол бизнес мектептердің түлектерін іздестіріп қана қоймай, оған қосымша математика, ғылым, инжиниринг, бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика мен маркетинг мамандығы бойынша жоғары білім алған  жастарды да тартудың мүмкіншіліктерін қарастыратындығын айтып өтті.

Банк өкілдерінің айтуынша, бағдарлама мүшесінің әрқайсысы жылына бір рет жарты күн бойы банк Басқарма төрағасымен топ-менеджерлер қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысында туындаған түрлі сұрақтарды талқылай алады. Сондай-ақ бағдарлама аяқталған соң оның әрбір мүшесі банкте белгілі бір басқару қызметіне тағайындалады.

«Осы бағдарлама аяқталғанда Еуразиялық банк пен қазақстандық банк секторының дамуын жаңа деңгейге шығаратын дарынды жас басшылар тобы пайда болады», дейдіЭгглтон мырза.

Соңғы жаңалықтар