Beeline 3G желісін ауылдық елді мекендерде іске қосты

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Beeline компаниясы Қазақстандағы 3G желісімен қамту аумағын кеңейтіп жатыр.
None
None

Енді 3G технологиясы алыс елді мекен тұрғындарына да қол жетімді болады. Бұл туралы бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-нің Бас директоры Анатолий Попов мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қаскелең, Фабрикалық, Шілік, Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған, Белбұлақ және Мерке ауылдары 3G стандартты желісімен қамтылған. «Енді жыл соңына дейін Beeline үшінші ұрпақ байланысы желісін басқа да ірі елді мекендерде құруды жоспарлап отыр. Негізінен, шағын қалалар мен елді мекендерде сапалы қызмет көрсету - біздің 2011 жылға арналған жоспарлы жұмыстарымыздың басымды бағыттарының бірі», - дейді Анатолий Попов.

Оның пікірінше, 3G желісі бизнес саласын жүргізуге тиімді жағдай жасап, ауыл тұрғындарының өмірлерін жақсы қалыпқа келтіріп, елді-мекен аймақтарының экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Естеріңізге сала кетсек, Beeline-ның 3G технологиясын бірінші болып Алматы және Астана қалаларының тұрғындары бағалады. 2010 жылдың 1 желтоқсанында Beeline аталмыш қалаларда үшінші ұрпақ байланысын іске қосқан болатын. Бүгінде 3G технологиясын Ақсай, Ақсу (Павлодар облысы), Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Астана, Балқаш, Жезқазған, Зырянов, Қапшағай, Қарағанды, Қаратау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Сәтпаев, Серебрян, Тараз, Текелі, Түркістан, Орал, Үшарал, Шымкент, Талғар, Теміртау қалаларында пайдалана алады.

Соңғы жаңалықтар