Beeline абоненттері 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда 1 716 992 сағат сөйлесті

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline абоненттері 1 қаңтарда cағат 00:00-ден 01:00-ге дейін 2 миллионға жуық SMS хабарламалар жіберді.

Beeline  абоненттері 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда 1 716 992 сағат сөйлесті

Жаңа жылдық түнде ұялы байланыс операторының абоненттері сондай-ақ, 9,5 миллионнан астам хабарлама жіберді. Ал 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейінгі уақытта 20,4 миллионға жуық SMS хабарлама жөнелткен.

«КаР-Тел» ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, биыл жаңа жылдық мерекедегі абоненттердің ұялы телефонмен сөйлесу ұзақтығы айтарлықтай өскен. Мәселен 31 желтоқсан мен 1 қаңтарда Beeline абоненттері 1 716 992 сағат сөйлесті. Бұл бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда 2009 жылғы көрсеткіштен - 18 пайыз, ал 2008 жылғыдан - 50 пайызға артық.