Beeline абоненттері Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасының құқықтық кеңес желісіне тегін қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болды
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Еліміздегі Beeline абоненттері бұдан былай Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасына тегін қоңырау шалу арқылы құқықтық кеңес ала алады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС баспасөз қызметінге сілтеме жасап.
Бұл үшін «КаР-Тел» ЖШС Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасына 2518 қысқа нөмірін бөлген. Бұған тұтынушылар Қазақстанның кез-келген нүктесінен ҚТҰЛ-на тегін қоңырау шалып, мамандандырылған заңгерлерден тұтыну құқығына байланысты, тауарлар мен қызметтерді тұтынушы мен өндіруші немесе сатушы арасындағы сауалдарға кеңес ала алады.
«Бизнес пен тұтынушы арасындағы қарым-қатынастың жаңа дамыған үлгісін қалыптастыру - Қазақстан нарығындағы әлемдік дағдарыс серпінін сәтті өткізу үшін қажетті шарттардың бірі. Тұтыну сұранысын тауар сапасына бақылауды күшейту және қазақстандық өндірушілерге тұтынушылардың сенімін қалыптастырмай мүмкін емес» - деп атап өтті өз сөзінде «КаР-Тел» ЖШС Бас директоры Дмитрий Кромский. «Өз қызметтерінің сапасы мен деңгейіне баса назар аударатын оператор есебінде, біз, еліміздегі тұтыну мәдениетін дамытатын тұтынушылар, Ұлттық Лиганың жобасын қолдаудан сырт қала алмадық».
«Біздің тұтынушыларға заңгерлік кеңес беретін желіміз 2009 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Сол уақыттан бері мамандандырылған заңгерлік кеңесті жүздеген қазақстандықтар алып үлгерді. Бірақ, тегін желінің қызметін тек қана Алматы қаласының тұрғындары ғана пайдалана білді. Басқа аймақтың тұрғындары бұл қызметті пайдалану үшін Алматы нөміріне қосылуы, қалааралық байланысқа ақы төлеуі керек болатын. Бүгін осы қызмет жүзеге асырылып отыр. Әрі тұтынушылар бұл қызметті тегін пайдалана алады» - дейді Қазақстан тұтынушылары Ұлттық Лигасының Президенті Светлана Савченко.
Желінің қызметін тұтынушылар күнделікті сағат 9-дан 18-ге дейін пайдалана алады.