Beeline Астана мен Алматы қалаларында байланыстың 4G желілерінің көрсету белдеулерін орнатады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстандағы LTE стандарты негізінде қызмет жасауға алған бұл рұқсат бүкіл «ВымпелКом» компаниялар тобы үшін елеулі оқиға. Төртінші ұрпақтың байланыс көрсету белдеулерін жасау Beeline бренді ұсынылған барлық елдердің аумағында 4G негізінде қызмет көрсетуге жол ашатын алғышарт болмақ. Біз қазір осы мәселенің Ресейде де тез шешілуін күтудеміз», дейді ВымпелКом» компаниялар тобының Бас директоры Александр Торбахов.
LTE (Long Term Evolution) технологиясы - «төртінші ұрпақ байланысы» (4G) санатына жататын деректерді тасымалдаудың мобильді хаттамасының атауы. LTE стандарт негізінде теория жүзінде көшіру жылдамдығы (download) секундына 326,4 Мбит, ал енгізу (upload) cекундына 172,8 Мбит құрайды.
«КарТел» ЖШС ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында, фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметтерін көрсетеді. Ол 2008 жылы Beeline сауда белгісімен Қазақстан аумағында ең алғашқы болып GSM 1800 стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетуге рұқсат алған болатын.