Beeline Business мобильді интернеттің бағасын төмендетті
АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "КаР-Тел" ЖШС-і «GPRS пакеттері» корпоративтік клиенттерге Beeline Business қызметінің ақысын төмендеткенін жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа «GPRS пакеттері» корпоративтік клиенттерге GPRS трафигін қосымша құн салығынсыз 1Мбайт үшін 2,09 теңгеден көтерме бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. "КаР-Тел" ЖШС-нің сауда жөніндегі директоры Елена Яковлеваның айтуынша, бұл мобильді интернетті белсенді қолданушылардың қаржысын айтарлықтай үнемдейді. Жалпы Beeline Business өз клиенттеріне «GPRS пакеттерінің» үш түрін ұсынып отыр. Біріншісі - 50Mб үшін 535,72 теңге, екіншісі - 250Mб үшін 1339,29 тенге, ал үшіншісі - 1Гб үшін 2142,86 теңге көлемінде болады. Интервалды дөңгелектеу - 10 Кб. «GPRS пакеттерінің» мерзімі 1 ай, сондай-ақ пайдаланылмаған трафик белгіленген мерзімнен кейін күйіп кетеді.