Beeline «Интернет үйде» қызметінің қамту аясын кеңейтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС-і мен «СА-Телком» үй шаруашылықтарын оптикалық талшықты технология негізінде жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосудың кезекті кезеңі басталғаны туралы мәлімдеме таратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Төле би - Саин - Жандосов - Алтынсарин көшелері және Орбита 1, 2, 3, 4 ықшам аудандары шеңберінде жүзеге асты. Бұл шараның нәтижесінде қаланың 1300-ден астам үйі «Интернет үйде» қызметіне қосылды. Бұған дейін 2008 жылдың қыркүйегінен аталмыш қызмет Гоголь-Желтоқсан-Қарасай батыр-Қожамқұлов көшелері шеңберінде, ал 2009 жылдың қараша айынан Саин-Жандосов-Науаи-Рысқұлбеков; Момышұлы-Райымбек-Саин -Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Жұбанов; Момышұлы-Ұлықбек-Саин-Абай, Шаляпин-Саин-Абай-Момышұлы көшелері шеңберінде тұратын тұрғындарға қол жетімді болған еді.
«Бүгінгі таңда бұл Алматы нарығында FTTB желілі технология бойынша сыртқы ресурстарға жоғары жылдамдықпен кірудің ең тиімді шешімі. «Интернет үйде» қызметін пайдаланушылар қатарына қосылғаны үшін төлем ескерілмеген, модем орнатылуы қажет емес. Талшықты оптикалық желі бойынша қосылу үшін Fast Ethernet LAN adapter желілі платасы болуы жеткілікті», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетингтің директоры Айнұр Әбжанова.
«Интернет үйде» қызметінің тарифтік жоспарлары жоғары жылдамдықпен, алдын-ала төленген трафик көлемімен (секундына 10 Мб жылдамдықпен 2000 теңгеден бастап) және шектеусіз (секундына 1 Мб жылдамдығында 3 600 теңгеге, секундына 2 Мб жылдамдығымен 4 600 теңгеге). Тарификациялау кіріс трафик көлемі негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тарифтер ішіне стандартты қосылу кіреді: пәтер ішінде кабель тарту, жекеленген арна арқылы интернетте жұмыс істеу үшін Windows операциялық жүйесін баптау.