Beeline Қазақстандағы интернетке шығудың рекордты жылдамдығын ұсынады

 АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат -«2 DAY Telecom» серіктестігі (Beeline бренді)  интернеттің сыртқы ресурстарына 100 Мб/сек жылдамдықта қосылуға мүмкіндік беретін жаңа қадамдардың ашылғанын хабарлайды.

Beeline Қазақстандағы интернетке шығудың рекордты жылдамдығын ұсынады

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Атап айтқанда,  «Шынайы лимитсіз 10», «Шынайы лимитсіз 20» және «Шынайы лимитсіз 50» тарифтерін пайдаланушылар қазірден бастап бірқатар амалдарды қолдана алады. Мәселен, «Турбо 2» амалы интернетке қосылатын белгіленген жылдамдықты екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ,  «Шынайы лимитсіз 50» тарифтік жоспарының тұтынушылары 50 Мбит/сек жылдамдығының орнына енді ай бойы 100 Мбит/сек жылдамдықты қолдана алады. Нәтижесінде HD сапасындағы фильмді көшіруге бұрынғыдай 10 минут емес небәрі 5 минут керек болады. Бұның абоненттік төлемі - 1500 теңге.

Ал  «Турбо-100» амалы «Шынайы лимитсіз» тарифтік жоспарының барлық қолданушыларына 5 күн ішінде интернетке қосылудың белгіленген жылдамдығын 100 Мбит/сек-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Абоненттік төлем - 800 теңге.  «Турбо-түні» амалы небары 500 теңгеге «Шынайы лимитсіз» тарифтік жоспарының барлық қолданушыларына айдың әр күні түнгі сағат 12-ден таңғы 7-ге дейін интернетке қосылатын жылдамдықты 100 Мб/сек-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«2DAY Telecom» ЖШС-ның атқарушы директоры Виктор Грибанның айтуынша, аталған қызметті қосу үшін сіздің жеке шотыңызда жеткілікті қаражат болуы керек, яғни таңдап алған амал шартыңыздың абоненттік төлемінің құнына жеткілікті сома, сондай-ақ 10 теңгеден астам қалдық болуы тиіс.