15:26, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Beeline «Мобильді құрылғыларға арналған ең жақсы сайт» аталымының жеңімпазын анықтады
АЛМАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 17 қараша күні Қазнеттің ең жақсы сайттарын марапаттау рәсімі болады. Award.kz ұлттық интернет-сыйлығына биылғы жылы бүкіл Қазақстаннан 970 тапсырыс қабылданды. Олардың көпшілігі Алматы мен Орал қалаларынан келіп түсті.
«Қазақстандық интернеттің қалыптасуында провайдер ғана болып қатыспайтынымызға қуаныштымыз. Award.kz сыйлығына қатысу бізге Қазнеттің контенттерінің сапасын, дизайнын және интернет-ресурстардың техникалық толтырылуын бағалауға мүмкіндік береді», - дейді 2Day Telecom-ның бас директоры Виктор Грибан. Оның айтуынша, Beeline-ның конкурстық комиссиясы бұл салтанатты шараның тарихында бірінші рет «Мобильді құрылғыларға арналған ең жақсы сайт» аталымының жеңімпазын анықтайды.