Beeline «Мобилді білімділік» әлеуметтік бағдарламасы аясында жаңа бастаманы бастады
АЛМАТЫ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline абоненттердің білімін жетілдіру мақсатында мобильді автожауапберуді іске қосты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақпараттық жаңа қызмет «Мобилді білімділік» әлеуметтік бағдарламасы аясындағы жаңа бастама. 2008 жылы басталған барлық ұялы байланыс қызметін пайдаланушыларға бағытталған бұл бағдарлама бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жойған жоқ. Біздің жаңа қызметіміз арқылы өз абоненттерімізді алаяқтарды тез танып, ақшаларын сақтап қана қоймай, көңіл-күйлерін де бұзбайды деп ойлаймыз», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.
Кепілдеме ұялы байланыс операторының Қазақстан бойынша 060637 нөмірі бойынша барлық абоненттеріне (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) қол жетімді. Тілдерді ауыстыру үшін абонент ұялы телефонынан 0611 нөміріне қоңырау шалып, нұсқаулықпен жұмыс жасайды.