«Beeline» ұялы байланыс операторы қоңыраулар бағасын төмендетті
АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Beeline» ұялы байланыс операторы барлық халықаралық бағыттар бойынша қоңыраулар бағасын 29,9 теңгеге дейін төмендетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз барлық тарифтік жоспарлар бойынша халықаралық қоңыраулардың бағасын төмендеттік. Аталмыш акция арнайы қосылуды талап етпейді, ал бағаның төмендеуі барлық абоненттер үшін автоматты түрде және тегін болып табылады», - дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің маркетинг бойынша директоры Айнұр Әбжанова. Оның айтуынша, бұл «Сүйікті ел» қызметінің енгізілуімен байланысты болып отыр. Бұл қызметті тұтынушылар желтоқсанның 31-іне дейін пайдалана алады.