Beeline «Виртуалды ассистент» онлайн-консультациялық қызметін іске қосты

АЛМАТЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Beeline сауда белгісімен жұмыс жасайтын «КаР-Тел» ЖШС «Виртуалды ассистент» ерекше онлайн-сервисін іске қосты.

Beeline «Виртуалды ассистент» онлайн-консультациялық қызметін іске қосты

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Дана» аталатын виртуалды көмекші қолданыстағы қызмет көрсету түрлерін кеңейтіп, Beeline абоненттерге интернеті бар әлемнің кез келген нүктесінен кез келген уақытта лезде кеңес алуға мүмкіндік береді.

«Клиенттерге қызмет көрсету түрлерін кеңейту, сондай-ақ олардың өз-өзіне қызмет көрсетуіне қол жеткізу - біздің сервистік стратегиямыздың негізгі басымдықтарының бірі. Әрбір клиентіміздің өзіне ыңғайлы уақытта қажетті қолдау таба алуы немесе кеңеске қолайлы түрде қол жеткізе алуы - басты мақсатымыз. «Дана» атты көмекші барынша пайдалы болу үшін біз сайтты пайдаланушылардың сұрауларын күнделікті зерттеп, жауаптарды жетілдіре түспекпіз», - дейді компанияның клиенттерге қызмет көрсету бойынша дирекциясының директоры Виталий Индин.

Оның айтуынша, жаңа қызмет бүгінгі күннің өзінде телефон қоңыраулары, әлеуметтік желілерге және онлайн-чатқа келіп түскен сауалдарға жауап беріп, операторларға көмектесуде. Онда виртуалды көмекшінің негізгі міндеттері: сайт қызметтері бойынша навигация, компания және оның өнімдері, қызметтерге қосылу шарттары, тарифтеу және төлем туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, орын алған техникалық қиындықтарды шешу, сондай-ақ арнайы ұсыныстар туралы хабардар ету.