Beeline жаңа әлеуметтік желілерді SMS - хабарлама жүйесіне қосады
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «КаР-Тел» (Beeline СБ) СМС- хабарлама қызметін іске қосқандығын, сонымен қатар Facebook желісіне SMS-хабарламасы арқылы мәлімет жіберу мүмкіндігі жайлы хабарлайды.
Бұл туралы «Кар-Тел» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі мәлім етті.
Аталмыш қызметті қосу үшін Facebook желісіндегі жеке бет парағына кіріп, «Күйге келтіру (Настройка)» бөліміндегі «Мобильді нұсқа» бөлігін таңдап, әрі қарай нұқсаулық бойынша жасау қажет. Beeline тұтынушысы тіркелгеннен кейін пайдаланушыларды таңдау мүмкіндігі болады, сондай-ақ СМС-хабарламасы өзіңіз көрсеткен телефонға келіп түседі және СМС-тің келіп түсу уақыты да реттеледі.
«Әлеуметтік желілер күн сайын танымалдылық алып келе жатыр. Біздің мақсатымыз да тұтынушыларымыздың әлеуметтік желілерде біздің түрлі қызметтерімізді пайдалана алуына мүмкіндік жасау үшін СМС-хабарламасынан бастап кең көлемді ғаламторға дейін қызметтерді түрлендіру болып табылады. Beeline абоненттеріне бүгінде «Менің әлемім» желісінен тегін хабарламаларға қол жетті. Көп ұзамай бұл қызмет Twitter микроблогында да қол жетімді болады», - деп атап өтті өз сөзінде «КаР-Тел» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Юрий Дорохов.
Аталмыш қызмет тек Beeline абоненттеріне ғана қолжетімді. Facebook-тан СМС-ескертпесі тегін болады. Кері жауап қайыру СМС-хабарламасы ҚҚС қоса есептегенде 7 теңге.