«Beeline» жаңа тарифтік жоспарларды енгізді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Beeline» сауда белгісіндегі «КарТел» ЖШС ұялы байланыс операторы жаңа тарифтік жоспарларды енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Beeline» жаңа тарифтік жоспарларды  енгізді
Жастарға арналған «Сенің стилің» деп аталатын тарифтік жоспар төлем бағасын алдын ала төлеу жүйесіндегі абоненттерге арналған. Онда Beeline 2-ші минуттан кейін Қазақстан аумағында ұялы телефон қоңырауының әрбір минуты 17 теңге болмақ. Ал алғашқы 2 минутта әңгімелесу 27 теңгеден, ал қалалық телефон нөміріне шалынған қоңырауда 47 теңгеге бағаланбақ. Компанияның маркетинг жөніндегі директоры Айнұр Әбжанованың айтуынша, «Сенің стилің» деп аталатын бұл тарифті енгізердің алдында олар түрлі жоғары оқу орындары студенттерінің арасында арнайы топқа зерттеу жүргізіп көрген. Онда абоненттердің қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында да өз туыстары мен жақын-жуықтарымен әлі де көп сөйлесетіні анықталды. Жаңа тариф желі ішінде және өзге де операторларға SMS, мобильді интернет және WAP сияқты қосымша қызмет түрлерін пайдаланатын абоненттерге де бағытталған. Онда бұл қызмет түрлері үшін 40 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылып отыр. Мәселен, тәулік ішіндегі алғашқы 5 SMS хабарламасында тариф бұрынғы бағада, 6-шы SMS-тен бастап Beeline, Dalacom және Pathword абоненттері үшін 4 теңге, ал Kcell, Active және Neo абоненттері үшін 9 теңге көлемінде болмақ. Сондай-ақ GPRS Internet қызметінде 40 пайыз, GPRS WAP қызметінде 20 пайыздық жеңілдік жасалып отыр. Жалпы «Сенің стилің» тарифтік жоспарына қосылу үшін абоненттер *110*511# және қоңырау клавишін теруі керек. Ал оған ауысудың бағасы 200 теңге тұрады.