19:14, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Beeline желісінде биыл өзге мерекелерге қарағанда Халықаралық әйелдер мейрамында сөйлейтін SMS хабарламасын жіберушілер саны күрт өсті
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Beeline желісінде биыл өзге меркелерге қарағанда Халықаралық әйелдер мейрамында сөйлейтін SMS хабарламасын жіберушілер күрт өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «КаР-Тел» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мереке кезінде ұялы байланыс қызметін пайдаланушылардың SMS хабарламалары мен құттықтау қоңырауларының саны бірнеше есе артады. Биыл олардың орташа көрсеткіші әдеттегі жексенбі күндері жолданатын көрсеткіштен 3,5 есе, ал дауысты трафикте 50 пайыздан астам өсті. Жүктеменің күрт көтерілуі кезінде желіде ешқандай жаңылысулар тіркелген жоқ. SMS хабарламалар мен дауысты трафиктегі жүктеменің көбірек болуы жастарды Әулие Валентин күні емес, наурыздың 8-індегі Халықаралық әйелдер күні мерекесі біріктіретінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ бұл күні жастардан бастап барлық ересектердің хабарламамен шектеліп қалмай, бір-біріне қоңырау шалып құттықтағанды жөн деп санайтыны айқын аңғарылуда.