БЭК аясында аймақтардың жұмысын үйлестіруді тапсырамын - Елбасы
АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев аймақтардың жұмысын Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында үйлестіруді тапсырды.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бұған дейін облыстардың экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері тек республика бойынша ғана зерделенсе, енді биылдан бастап аймақтардың жұмысын іске қосылған Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында үйлестіріп алған жөн. Осыған орай Президент Үкімет басшысының орынбасары Қайрат Келімбетовке, Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевқа, сондай-ақ Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченкоға тиісті тапсырмалар берді.