БЭК аясында Бәсекелестікті дамытудың бірыңғай стратегиясы әзірленеді
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Бәсекелестікті дамытудың бірыңғай стратегиясы әзірленетін болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында мәлім болды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовтың айтуынша, ағымдағы жылы өткен Астана экономикалық форумы барысында монополияға қарсы тәжірибені және жалпы бәсекелестік алаңның тиімді жұмыс істеуінің өзекті мәселелері талқыланған болатын. Онда ТМД елдері монополияларға қарсы ведомстволардың өзара қатынастарын одан әрі дамыту қажеттілігі туралы мәселелер көтеріліп, Бәсекелестік жөніндегі үйлестіру кеңесін құру жөнінде ұсыныстар қолдау тапқан. «Ағымдағы жылдың шілдесінде Мәскеу қаласында Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес жұмысы шеңберінде БЭК елдерінің Бәсекелестікті дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу жоспарланған еді. Ол тауар нарықтарының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін ұлғайтуға ықпал ететін болады», - дейді Б. Қуандықов.
Оның сөзіне қарағанда, ЕЭК аясында тауар нарықтарын талдау бойынша жұмыстарды жетілдіру, тосқауылдарды заңнаманы үйлестіру арқылы анықтау және жою мақсатында Бәсекелестік жөніндегі әдістемелік кеңес құрылады.