БЭК аясында машиналардың қауіпсіздігі жөніндегі жаңа регламент автокөлік иелерінің қатты таңданысын туғызды
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Көлік құралдары қауіпсіздігі туралы жаңа техникалық регламенттің жобасы әзірленді. Құжатта көптеген шектеулер бар.
Соның бірі, оң жақ рульді машиналардың барлығына тыйым салу болып табылады, деп хабарлайды РБК "Российская газетаға" сілтеме жасап.
Құжат құрамына Ресей, Қазақстан және Беларус кіретін Бірыңғай экономикалық кеңістік үшін әзірленген. Ол осы кеңістікте автомобильдерді шығару мен тасудың бірыңғай стандарттарын құруы қажет. Ресей үшін осы құжат бұрын қолданылып келген көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы регламенттің орнын басуы мүддесін көздейді.
Жаңа регламент көптеген автомобиль жүргізушілердің таңданысын туғызып, тіпті ГИБДД қызметкерлеріне де түсініксіз болып отыр. Құжатта өткен жылдардың өзгертулері де ескерілмей, сонымен қатар өзге де өрескел талаптар енгізіліпті.