БЭК елдері бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылы үшін 2015 жылға дейін нақты күнтізбелік жоспар әзірледі

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бірыңғай экономикалық кеңістік елдері бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылы үшін 2015 жылға дейін нақты күнтізбелік жоспар әзірледі.

БЭК елдері бизнес-құрылымдардың өзара іс-қимылы үшін 2015 жылға дейін нақты күнтізбелік жоспар әзірледі

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан V Астана экономикалық форумы аясында ұйымдастырылған ІІ Еуразиялық іскерлік кеңесі барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов айтты.

Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі үштік ықпалдастықтың ең алдыңғы қатарлы үлгісі екендігін баса айтқан ол: «Кеден одағы құрылғаннан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру бағытында ауқымды жұмыстар еңсерілді. Менің ойымша, бізде 2015 жылға дейін бизнестің тіркелуі, басқа нарықтарға енуі бойынша барлық шарттардың жеңілдегенін байқауға болатын  өте нақты күнтізбелік жоспар бар», - деді.