Бек Нұрмағанбет нокаутпен жеңісінен кейін WBA рейтингінде көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшылар Бек Нұрмағанбет пен Айдос Ербосынұлының Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингісіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бек Нұрмағанбет нокаутпен жеңісінен кейін WBA рейтингінде көтерілді


Бек Нұрмағанбет (8-0, 6 КО) 22 қазан күні Мехикода өткен бокс кешіне қатысып, онда жергілікті боксшы Лусиано Араухоны (6-6-3, 3 КО) нокаутқа түсірген болатын. Кazproboxing Instagram-парақшасында мәлім етілгендей, осы жеңісінен кейін қазақстандық спортшы екінші орта салмақтағы WBA рейтингінде 11-ден 10-орынға көтерілді.

Осы дивизиондағы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11КО) бірінші орында қалды. Екінші позицияда – америкалық Калеб Плант, үшінші орында Канада өкілі — Эрик Базинян.

WBA-дің әлемнің «суперчемпионы» белдігіне мексикалық Сауль «Канело» Альварес ие. «Қарапайым» чемпион – кубалық кіші-Давид Моррель (7-0, 6 КО). Айта кетейік, А.Ербосынұлы биылғы 5 қарашада Давид Моррельге қарсы жекпе-жекке шығады. Айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтеді.