Бекәділ Шәймерденов Ханчжоудағы ойындарда «күміс» алды

Қазақстандық Бекәділ Шаймерденов күрес спортының құраш түрінен күміс медаль жеңіп алды. ҚазАқпарат бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

бекәділ
Фото: Туризм және спорт министрлігі

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде отандасымыз өзбекстандық Үмид Есановқа есе жіберді.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиададағы бесінші күміс жүлдесі.

Еске салайық, Б.Шәймерденов ¼ финалға өту үшін тәжік атлеті Навруз Каримзоданы бір минутқа жетпей жеңген еді.