Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық еркін күрес шебері Бекасыл Асамбек Братиславада (Словакия) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Бекасыл Асамбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Ширек финалда қазақстандық балуан ресейлік Зелимхан Чаниевті сенімді түрде жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Бекасылдың келесі қарсыласы жапониялық Ицуки Енасиро болмақ.

Жартылай финал бүгін, 20 тамызда өтеді.

Қазақстандық шабандоздар Нидерландыдағы халықаралық турнирде екінші қола жүлдені олжалағанын жазған едік.

Велотректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды.