Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бекасыл Асамбек Словакияда еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Бекасыл Асамбек
Фото: Ұлттық олммпиада комитеті

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жапониялық Ицуки Енасироны жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Асамбек алтын жүлде үшін өтетін айқаста АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездеседі.

Айта кетейік, финал бүгін, 21 тамызда өтеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды.