Бекайдар Қазкеев «Батыс» өңірлік қолбасшылығын басқарады

Ішкі істер министрінің жарлығымен Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына полковник Бекайдар Қазкеев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

бекайдар қазкеев
Фото: "Батыс" өңірлік қолбасшылығы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаңадан тағайындалған қолбасшыны жеке құрамға онлайн режимде Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырған.

Бекайдар Қазкеев аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы қызметін атқарды.

Еркін Ботақанов полковник Бекайдар Маратұлының қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.

Осыған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған генерал-майор Арман Мақсотұлы Жұмағалиев Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшысы лауазымына тағайындалды.