«Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 1 ғана компанияның 296 млн. теңге кедендік төлемдерден жалтарғаны анықталды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 1 ғана компанияның 296 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтан жалтарғаны белгілі болды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов айтты.

«Бекет» жедел алдын алу шарасы барысында 1 ғана компанияның 296 млн. теңге кедендік төлемдерден жалтарғаны анықталды

Оның атап өтуінше, iс-шараның мақсаты - Қытайдан контрабандалық жолмен әкелiнетiн тауарлардан мемлекетке келетiн залалды азайту. Осыған орай Қытайдан әкелiнетiн тауарлардың тәуекел деңгейi «жоғары» екендiгiн ескеріп, кеден органдары мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесіп «жасыл дәлiз» жобасын енгiзген.
«Жобаның мәні заңды бұзбайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға шекарада өткiзу пунктерiнде өз тауарларын тез арада, яғни, 100 минут iшiнде өткiзудi, оны баратын кеден органына неғұрлым тез жеткiзудi және ол жерде жүкке жедел кедендiк тазарту мүмкiндiгiн беру», - деді А.Ержанов.

Төраға орынбасарының айтуынша, «Жасыл дәліз» жобасы бойынша мұндай қолайлы режімді мемлекет алдында жауапты және адал, айқын бизнес жүргізуге дайын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ғана пайдалана алады. Қазіргі кезде уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне 67 компания енгізілген, оның 20-ға жуығы «жасыл дәліз» жобасы аясында жұмыс істеуде.
«Шұғыл топтар жүргiзген тексеру нәтижесі бойынша, алақол компаниялар бюджетке төленуi тиіс кедендік төлемдердің тек 8-10 пайызын ғана төлеуде. Ауытқу 10 есеге жетіп жығылады, яғни, 17-20 млн теңгенің орнына бюджетке 2 млн. теңгеден де аз түседі. ​Сондай-ақ, импортталатын тауар құнын растайтын жалған құжаттарды пайдалану фактілері анықталуда. Бір ғана компания бойынша мұндай факт 296 млн. теңгеден астам сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға жол ашқан», - деді ол.