«Бекіре-2016» акциясы барысында заңнама бұзудың 1,2 мың фактісі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі ай көлемінде өткізілген балық қорғау акциясы аясында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 1217 факті анықталды.

«Оның ішінде 915 факті заңсыз аулау, 56 - кеме қатынасы режімін бұзу, 68- балықты заңсыз тасымалдау, 22 - балықты заңсыз сату. Осылайша, заң бұзушылардан 31 тоннадан аса балық тәркіленді,  соның 23 тоннасы бекіре тұқымдас балығы және 3,5 келі уылдырық. Бұған қоса,  2290 аулау мен 146 жүзу құралдары тәркіленді. Браконьерлердің балық ресурстарына келтірген залалы 6,8 млн. теңгені құрады»,-деп хабарланды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, «Бекіре» акциясы жыл сайын 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өткізіледі.  Құқық және табиғат қорғау органдары бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Осыған байланысты балықтардың, соның ішінде бекіре тұқымдас түрлерінің уылдырық шашу орындарына кедергісіз жетуіне қолайлы жағдай туғызу шаралар атқарылады.

Соңғы жаңалықтар
telegram