Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бекмамбетов Камбербэтчті жаңа фильмнің басты рөліне шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Басты рөлде Бенедикт Камбербэтч ойнайтын американдық «Токтар соғысы» (The Current War) фильмінің түсірілімі жылдың соңында басталады, деп әңгімеледі фильмнің продюсері Тимур Бекмамбетов РИА Новости агенттігіне.

Бекмамбетов Камбербэтчті жаңа фильмнің басты рөліне шақырды

Бұдан бұрын британдық актер Камбербэтч продюсері Бекмамбетов болатын «Токтар соғысы» картинасында өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эдисонның рөлін ойнайтыны хабарланған болатын.

Фильм Эдисон мен инженер және өнеркәсіпші Джордж Вестингауздың тұрақты және айнымалы токты пайдаланудағы күресте бір-бірімен қарсы тұруы туралы баяндайды. Вестингауздың рөлін американдық Джейк Джилленхол сомдайды.

Камбербэтчті «Шерлок» сериалындағы басты рөл әлемдік танымалдыққа жеткізді, оның алғашқы фильмі 2010 жылы эфирге шықты. Сериал үшін ол «Алтын глобус» (2013), «Спутник (2012) және «Эмми Прайм-тайм (2014) сыйлықтарына ие болды.

Камбербэтч «Бұзушылар» драмасында, «Шерудің ақыры» мелодрамасында, «Бесінші билік» триллерінде, «Хоббит: бес соғысшылардың ұрысы» және басқа да фильмдерде басты рөлдерді ойнады.

«Еліктеу ойыны» әскери драмасындағы басты рөлі үшін «Оскар», «Алтын глобус» және Ирландия кино және телевидение академиясының сыйлықтарына ие болды.

2014 жылғы сәуірде актер Time нұсқасы бойынша өнер саласындағы ең ықпалды адамдар тізіміне енді.

2015 жылғы қарашада Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Бенедикт Камбербэтчке Британ империясының орденін тапсырды. Ол бұл марапатқа актерлік жұмысы және қайырымдылық қызметі үшін ие болды.